Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Технологиялық және инновациялық даму департаменті

туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Технологиялық және инновациялық даму департаменті

(бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) индустриалды-инновациялық және ғылыми-технологиялық саласында басшылықты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Инновациялық-технологиялық саясаты басқармасынан;

2) Инновациялық белсенділікті ынталандыру басқармасынан;

3) Инновациялық жүйені дамыту басқармасынан құралады.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

 

5.Міндеті: Технологиялар және инновациялар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Функциялары:

1) инновациялық, технологиялық және ғылыми-техникалық даму саласында нормативтік құқықтық актілерді және басқа құжаттарды әзірлейді және келіседі;

2) инновациялық және технологиялық даму саласында халықаралық ынтамақтастықты жүзеге асырады;

3) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырады;

4) ғылым мен бизнесті біріктіруге бағытталған шараларды әзірлейді;

5) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтуді, дамуға ынталандыруды жүзеге асырады;

6) ғылыми-технологиялық даму саласында салааралық өзара әрекетті қамтамасыз етеді;

7) инновациялық және технологиялық саясат мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қарастырады.

6. Міндеті: Инновациялық жүйенің дамуын қалыптастыруды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) инновациялық жүйенің дамуы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде және келісуде қатысады;

2) инновациялық жүйенің дамуы саласындағы бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асыруында жұмыс жүргізеді;

3) инновациялық гранттарды ұсыну бойынша бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

4) инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің қызметін қамтамасыз етеді;

5) инновацияны ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату арқылы инновациялық қызметті дәріптеуді қамтамасыз етеді;

6) инновациялық жүйені дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды  тұлғалардың сауалдарын қарастырады;

7) инновациялық жүйенің дамуы бөлігінде индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

7. Міндеті: Инновациялық белсенділікті ынталандыру үшін жағдай жасау.

Функциялары:

1) жеке сектордың инновациялық белсенділігін ынталандыру бөлігінде, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қызмет етуі бөлігінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өкілетті мемлекеттік органның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

3) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды әзірлейді және келіседі, сондай-ақ құқықтық мониторингті жүргізеді;

4) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін дамыту саласында мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге жету бойынша шараларды жүзеге асырады;

5) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін дамыту саласында бюджеттік процесстерді жүзеге асырады;

6) «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен ұйымдастыру мен құқықтық өзара әрекеттесуді жүзеге асырады;

7) жеке сектордың инновациялық белсенділігін ынталандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларының сауалдарын қарастырады;

8) қоғамға «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қызмет ету мәселелері бойынша ақпаратқа қатынауды қамтамасыз етеді;

9) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері саласында мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады және қорытындыны әзірлейді;

10) мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде ұсыныстар дайындау;

11) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

12) мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуді және сапасын бақылайды.

8. Құқықтары мен міндеттері:

8.1. Департамент құқылы:

1) басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарында және шет мемлекеттерде Министрліктің атынан сөйлеу;

2) Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер және келіссөздер өткізуге;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ғылыми-техникалық, инновациялық, технологиялық сала ұйымдарынан өз функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар, қорытындылар және ақпараттар сұратуға және алуға; Ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық даму сұрақтары бойынша өзара үкіметаралық комиссиялар мен халықаралық іс-шараларға  бекітілген тәртіппен қатысу; бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстары мен халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Министрліктің басшылығына тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыруға; Министрліктің басшыларынан және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен отандық және шетелдік делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер бойынша ұсынымдар және қорытындылары мен есептер және хаттамалар сұратуға және алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8.2. Департамент келесі міндеттерді орындайды:

1) Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, жоғары  және басқа мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге материалдар дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

11. Департамент Директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

12. Департамент Директоры болмаған кезеңде өз өкілеттігі шегінде Департаментке жалпы жетекшілікті жүзеге асырады;

13. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.

14. Директор осы мақсатта:

1)  өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2)  Департаменттің құрамына кіретін Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3)  Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының жауапты Хатшының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.

16. Департамент Директорының орынбасарлары:

1) өз құзыреті шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 15.06.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Технологиялық және инновациялық даму департаменті